Шетел мұражайларындағы қазақстандық құнды жәдігерлерді елге қайтару керек. Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен өткен үкіметтік сағатта депутат Гүлнәр Ықсанова осындай ұсыныс тастаған.
Bnews.kz-тің жазуынша депутат: "Әлемдегі көптеген мұражайларда, мәселен, Лувр, Британ мұражайы, Британ кітапханасы, метрополитен-музей, эрмитажда біздің мәдени құндылықтарымыз бар. Қазақ хандарының хаттары, руна жазбаларының ескерткіштері, қалалардың карталары, Кенесарының қылышы, Бөкей ордасы ханының суреті, Абылай ханның заттары секілді жәдігерлер шетелде қойылған. Осы экспонаттарды біртіндеп қайтару бойынша стратегиялық жұмыс жүргізу қажет. Бұл біздің ұлттық идеямыз болуы тиіс", - деп өз ұсынысын жеткізген.

Қамшы-ақпарат