Туған баласынан бас тартқандар ата-ана құқығынан айыруды сұрап отыр

/uploads/thumbnail/20170710034355045_small.jpg

Мамандандырылған ауданаралық сотта Қостанай облысындағы кәмелетке толмағандарға қатысы сот отырысы өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Алауға сілтеме жасап. Қостанай прокуратурасының прокуроры Эльмира Нұрқанова аталмыш іс 2015 жылдан бері жалғасып келгенін айтады.

2015 жылдың қыркүйек айында Рудный тас жолына жақын жерде 9 жастағы қызды тапты. Оның әке-шешесіне бара жатқаны анықталды. Оның ата-анасы еш жерде жұмыс істемейді және ішімдікке әуестігі бар екен. Қыз мектепте оқымаған.

«Қыздың әкесі бірнеше мәрте ұрлық үшін сотталған. Қыздың айтуынша, әкесі анасын жиі соққыға жығады. Екі жыл бойы қыз түрлі мекемелерде тұрған. Сот барысында қыздың әкесі мен шешесі ата-ана құқығын айыруға келісімн берді. Олар жұмыс істеп, баласын асырағысы келмейтінін айтқан. Қыздың өзі сотта ата-анасының жанында қалғысы келетінін жеткізді. Сот 43 жастағы әйел мен еркекті ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдады» дейді Эльмира Нұрқанова.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енбеді. 

Қатысты Мақалалар