Бүгін ұлым сабаққа барған жоқ
-Неге?
- Ауырып тұрмын.
-Қай жерің ауырды?
-Тізем
-Қатты ауырады ма?
-Иә
-Жедел жәрдем шақырайын ба?
-Жоқ!
Ауырып түрған еш жері жоқ. Өтірігінің ашылып қалуынан қорқады. Менің заманымда « жедел жәрдем» болған емес. Шақырсаң да бір-екі сағаттан кейін келсе келер. Келмесе... Ұлымның аяқ астынан болған болған «ауруы» мені «балалық шағыма саяхат» жасатып қайтты. ... Ертең таңертеңгі сабаққа бармаудың сан түрлі амалын жасап баққанмын.
- Сөмкем қайда? (Оны кеше кеште тығып тастағанмын)
-Ішім ауырып тұр. (Сүттің кеселі)
-Апай айтты бүгін келмей-ақ қойыңдар деп (Ол өтірігімнің ертең ащыларын қайдан білейін!).
-Тісім ауырып түр (мүлдем өтірік!)
-Басым ауырып тұр ( тағы да мүлдем өтірік!)
Сан түрлі сылтау.... Сіздің басыңыздан өткен осы әңгіме дәл қазір балаңыздың немесе немереңіздің айтқан сылтауы болуы мүмкін. Абайлаңыз. Таңертеңгі өтірік ұрпақтың ертеңгі келешегіне әсер етпесіне кім кепіл? Бұл менің менің басымнан өткен хикаят... Сіздің басыңыздан не өтті?
А.Манапов