Жапония- өзінің таңқалдырарлық мәдениеті мен салт-дәстүрі бар мемлекет. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, өзге елдің дәстүрі мен салты бізге таңсық көрініп, көптеген сауалдар тудырып жатады. Соның дәлелі ретінде Қамшы ақпараттық агенттігі жапондықтардың күнделікті, қалыпты өмірінен түрлі суреттерді оқырманға ұсынады.
Отын ретінде адамның нәжісі қолданылатын мотоцикл
Шашты ұстап тұратын зат немесе құрылғы. Ас ішкенде үлкен көмегі тиетіні анық.
Бетке әжім түсірмейтін жаттығулар. Жапондықтардың сұлулық үшін біраз еңбектену керек деген ұстаным бойынша жүретіндері байқалады.
Жапондық ер азаматтардың ұйықтарда киетін киімдерінің топтамасы. Қарап тұрсаң қызық бір дүние екен...
Мұнда не болып жатыр? Кезекті ессіздікті танытатын шоу ма?
Дәретхана мұражайы. Сіз барар ма едіңіз?
Coco Cola сусынын сүйіп ішетін жандардың үстел басына жиналуы.
Ерекше шаш үлгісі. Мұндай әрекетке екінің бірі бара бермесі анық.
Картоп чипстеріне бұл суреттің не қатысы бар?
Өзге елдің түсіне бермейтіні де осыдан болар?! Бұл іс-әрекетке қандай атау берер едіңіз?
Сатылымда жасанды жұмыртқадан әзірленген шұжық. Дәмін татып көру керек сияқты...
Жапониядағы жанкүйерлердің ессіздігі. Мұның бәрі өз командасына деген адалдықтан болар...
Ұйықтайтын қапшық. Жылы әрі жұмсақ екені көрініп тұр.
Үйден шықпай отырса да ешкім ренжімес па еді?! Кім білсін...
Диетаға арналған су. Басқа табиғи судан не айырмашылығы болды екен?
Жалғызбастыларға арналған жастықтар.
Хэллоуинге арналған киімдер. Әрине, талғамға талас жоқ.
Дайындаған: Айгерім Таубай
Пікір қалдыру