Әлемдегі тылсым сырға толы жерлер (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710054900808_small.jpg

 Франгокастелло бекінісі, Греция

Крит аралында жыл сайын мамыр айында адамдардың көлеңкесі Харлампия шіркеуінен Франгокастелло бекінісіне қарай жүріп бара жатқаны көрінеді. Оның ішінде атпен немесе қару асынған адамдардың көлеңкесі де бар.

Чехия

Жер асты жолы жерден 10 метр тереңдікте орналасқан. 1996 жылы ғалымдар сол жерден әуен естілетінін байқаған. Ондағы баспалдақтар да жанып тұрады екен. Зерттеу барысында оның құрамында ешқандай фосфор жоқ екені анықталған. Баспалдақ бастапқы кезде басқаларынан ешқандай айырмашылығы жоқтай көрінеді. Алайда, уақыт өте келе қызыл реңді түске енеді.

 

Тас орман, Қытай

Аспан асты еліндегі тас орман 200 млн. жыл бұрын пайда болған. Бұрын мұнда көл болған. Жағажайда қалың әк жиналып тұрған. Соның нәтижесінде тастар сыртқа шыққан. Тас орманда Квифенг үңгірі бар. Онда тамыз бен қараша айы аралығында жарты сағатқа дауыл тұрып, бірден жоқ болып кетеді.

 

Бес түсті өзен, Колумбия

Жылдың үш мезгілінде өзеннің басқаларынан ешқандай айырмашылығы болмайды. Алайда жаз айларында ол түрлі-түске енеді. Онда қызыл, көк, жасыл, сары және т.б түстер кездеседі.

Қанды сарқырама, Антарктида

Қою қызыл түсті сарқырама —10 °C температура кезінде де судың  бетіне мұз қатпайды. Оның суы әлемдегі еу суық су болып есептеледі. Гарвард университетінің ғалымдары онда микроағзалар көп екенін дәлелдеген.

Дайындаған: Әсем ӘЛМҰХАНБЕТ


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар