Адамдар 33 жылдан соң жыныстық қатынастан бас тартады

/uploads/thumbnail/20170710054836635_small.jpg

33 жылдан соң адамзатқа көбею үшін жыныстық қатынастың керегі болмайды дейді Стэнфорд университетінің ғалымдары. 2050 жылы бала тудыру жыныстық қосылусыз жүреді дейді Утро.ру басылымы.

Жаңа технологиялар жұбайларға қаншалықты бала қаласа, соншалықты беруге мүмкіндік береді екен. Бұл  олардың жас мөлшеріне тәуелсіз жүреді. Ғалымдардың пайымдауынша, жуырда адамдар  өздерінің  сперматозоидтары мен жұмыртқа жасушаларын  мұздатуды бастайды екен. Бұл процедурадан соң, олар өздерінде залалсыздандыру процесін жүргізетін  көрінеді.

Нәтижесінде адам түгелдей көбею қабілетінен айырылады екен. Болжам бойынша, бұл қадам адамзат тарихындағы үлкен тоқырауға айналуы мүмкін.

Дайындаған: Арафат Дербесұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар