ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі отырысында ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы бейбіт халыққа қарсы жасалған әскери қылмыстарды тергеумен айналысу қажеттігін атап көрсеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Тоқаев мәлімдегендей, Украина дағдарысы тек барша украин халқының ғана басына төнген трагедия болып отырған жоқ. Сонымен қатар олар жаһандық қауіпсіздікке шынайы қатер төндіруде. Украинадағы барлық әскери іс-қимылдар, ең алдымен ЕҚЫҰ-ның көмегімен Украина мен Ресей көшбасшылары арасындағы сұхбаттастыққа жол беруі тиіс. Сенат төрағасы өз сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Минскіде жоғары деңгейдегі кездесу өткізу туралы бастама көтергенін, онда Ресей мен Украина Президенттері арасында сұхбаттастық тетігі іске қосылғанын және байланыс топтары арасындағы келіссөздердің қайта жанданғанын баса айтқан.
ЕҚЫҰ-ны санкциялық теке-тіресті доғаруға шақырған Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Украинадағы бейбіт халыққа қарсы жасалған әскери қылмыстарды тергеумен айналысу қажеттігін де атап көрсеткен. Себебі, адамзат баласына жасалған қылмыстарға кінәлілер жазаға тартылуы тиіс. Барлық қиындықтарға қарамастан орындалуы қажет. Бұл шаруа ЕҚЫҰ-ның кідіртуге болмайтын маңызды міндеттердің бірі.
Қамшы-ақпарат
Пікір қалдыру