Әлеуметтік желі БАҚ-тың ақпарат көзі бола ала ма?

/uploads/thumbnail/20170708154657165_small.jpg

Біреулер әлеуметтік желі газет емес депті, сонда ол өсек тасып, ойыңа келгенді жазу ма, әлде ішіңдегі лас пен қоқысты сыртқа шығару орталығы ма? Егер,әлеуметтік желіні пайдалана білсең саяси-қоғамдық, адами-азаматтық тәрбие мен мәдени-экономикалық, тұрмыстық- әлеуметтік мәлімет алатын көз. Байланыс құралы. Әлеммен желі арқылы қарым-қатынас. Бұл қазақ қоғамындағы тілдік те,басқа да мәселелер туралы ой қозғап, пікір алмасатын орта. Ал, өсек пен ішкен жегеніңді, жатып-тұрғаныңды жазсаң нағыз антииман көзі.

Сондықтан, әлеуметтік желі БАҚ-тың өзінше бір жетілген түрі. Мұны тиімді пайдалана білетін жақсы бағыт-бағдардағы батыс журналисттерінен үлгі алып, ФБ-тың зиялы оқырман-араласушысы бұл мәселе туралы "бүйдейді" деп газет-журналға жазса не жарияласа еш ерсі не ақпарат алу көзі БАҚ-тың әдіс-тәсіліне жат емес. Тіпті, кез-келген телефон да әлеуметтік байланыс желісі. Оны өсек тасып, жалған мәлімет құралы ретінде пайдаланатындар бар. Сондықтан, айналайындар, қай-қайсысың да, осынау жетілген әлеуметтік желіні сана-сезімдерің мен тілдерің жеткен жерге дейін пайдаланыңдар да, тек оны дұрыс пайдаланғысы келгендерге "анау-мынау" демеңдерші. Мен журналистпін, сондықтан, әлеуметтік желі менің қандай да болмасын мәлімет алатын,не мәлімет беретін, кез келген қоғамдық-адами ортамен байланысатын қатынас құралым. Оны журналыма тиімді пайдаланып, қоғамға қызмет еткім келеді. Ал, өсек-аяң, тағы-тағылармен айналысқысы келетіндермен еш шатағым жоқ. Желі қол астыңда, сана-сезімің, тілің жеткен жерге дейін пайдалан, тек менің әлеуметтік-желілік ұстанымыма араласпа. Қайта, нағыз журналист болғың келсе, әлеуметтік желіні тиімді пайдаланып, образбен айтқанда, газет-журналыңның азығы ет. Міне, сонда сен журналиссің. Маған сеніңдер, айналайындар! Мен сендерді алдамаймын. Алдауға азаматтық-адами әрі көп жылдық журналистік практикам жібермейді.

 Amankhan Alim

Аманхан Әлім.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар