Көше сыпырушы қоқыс салынған қаптарды қоқыс құбырынан алып жинап жатқанда қаптардың бірі қимылдаған секілді көрінген. Көзіне елестемегенін анық байқаған ол сол қаптың аузын ашқанда қандай сорақы көріністің куәсі болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Ол мұншалықты қорланған итті өмірінде бірінші рет көргенін жасырмады. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар иттің жағдайын көргенде таң қалғандарын айтады. Итті қарап шыққан ветеринар оны қинамай өлтірген дұрыс деп ойлаған, алайда питбульдің аянышты көзқарасы оның шешімін өзгерткен. Құтқарушылар итті Патрик деп атап, азып-тозған жануарды күре тамыры арқылы тамақтандырған. Жағдайын қалпына келтіру үшін құтқарушылар тобы барын салған. Алайда, қиындық келтіргені- әу баста иттің асқазаны тамақты қабылдай алмаған. Тамақты иттің ағзасына тамыр арқылы құйған. Суықтан дірілдеп, қатты тоңған иттің терісіне жаралар қаптап кеткен еді.

Иттің тек денесі емес, психикасы да зардап шеккен. Қатты азап тартқаны иттің өзін-өзі ұстауынан көрінді. Мәселен, күні бойы тек жата беріп, далаға шықса өз қажетін өтеп, бұрышқа тығылып қалады екен.

Бүгінде иттің жаңа иесі бар. Ол- Патриция Скавелли. Патрикке жаңа үй сыйлап, оны өмірге қайта құлшынысын оятты десек қателескеніміз емес.

Уақыт өте келе осы оқиғадан кейін Патрик танымал болып кеткен. Ит орналасқан баспанаға жер-жерден ойыншықтар мен сыйлықтар, гүлдер жіберіліп барынша көмек көрсетілген.

Осы аралықта қорланған иттің бұрыңғы иесі де табылған. Ол 28 жастағы Кише Куртис есімді азаматша.

Ол өзінің істеген қылмысы үшін сот алдында жуап береді Алайда, ол итті қоқыс құбырына тастамағанын,тек баспалдаққа байлап кеткенін айтқан. Біреу-міреу көріп алып кетеді деп ойлапты-мыс. Алайда сараптама иттің қатты қорлық пен аштық көргенін дәлелдеген.
Дегенмен, бүгінде Патрик бұрыңғы иесінен көрген қорлықты ұмытқан сыңайлы.
Дайындаған: Назерке МҰСА