Анасы ақша жинау үшін баласын өлді деп жұртқа жария еткен

/uploads/thumbnail/20170710060958214_small.jpg

Бұл баланың оқиғасын Карсон-ситидегі «Shop with a Hero» телешоуында көрсеткен.

Блэйк 10 жасында  лейкемия ауруына шалдыққан деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Баланың ұстазы $200 көлеміндегі қаражаты бар картаны сыйлаған, ал анасы өтірік айтып, $2000 қаражат жинайды.

8  сәуір күні анасы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өз баласын өлді деп жазған. Олар, тіпті, жерлеу рәсімі жайында да сөз қозғаған. Алайда, белгісіз біреу полиция қызметкерлеріне бұл ақпараттың жалған екендігін айтып, баланың әлі тірі екендігін және де оның денсаулығы жақсы екендігін хабарлаған.

Аталмыш оқиғадан кейін, баланың анасы Морристі тұтқынға алған. Дегенмен, полиция қызметкерлерінің анықтауынша, бала расымен де дертке шалдыққан, бірақ оны емдеп, жазуға болады екен.

Анасы жалған ақпарат таратқаны үшін сот алдында жауап береді және $200 көлемінде айыппұл төлеуі қажет. 

Дайындаған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар