Қытайдың солтүстік-батысында орын алған жерсілкінісінің салдарынан 8 адам қаза тауып, 11 адам зардап шеккен. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Reuters-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Магнитудасы 5,5 болған жер сілкінісі 11 мамыр күні Синьцзян ұйғыр автономиялық округында болып өтті. Эпицентрі-Таксақорған округындағы Қашқар бөлігі болды. Жер асты дүмпулері 8 шақырым тереңдігкте болған.
Көптеген ғимараттар қабырғалары сынып, құлаған. Апат салдарынан зардап шеккендер туралы мәліметтер келіп түсуде.