Адалдықтың қандай болу керектігін көрсеткен итке ескерткіш орнатылды

/uploads/thumbnail/20170710060940324_small.jpg

Тольяттидегі отбасылық жұп неміс овчаркасын күшік кезінде асырап алған. Уақыт өте келе ит отбасының бір мүшесіндей болып кетеді. Отбасылық жұп қайда барса да итін бірге ертіп жүретін. Жазда иттің иелері жолда келе жатып басқа көлікпен соқтығысып, сол жерде көз жұмады. Тек ит қана тірі қалған.

Апат орнында есін жиған ит иелерін дәл сол жерде тапжылмастан күтеді. Күндер, айлар өтеді. Ит орнынан қозғалмайды. Кез-келген ауа-райында ит иелерін күтуін тоқтатпайды.

Көрші үйдің тұрғындары итті асырап алуға бекінеді. Алайда ит ешкімге бағынбай апат болған жерге қарай қашып кетіп отырған.

Тұрғындар оны Константин деп атап кетеді. Грек тілінен аударғанда ол «Адал» деген мағынаны білдіреді. Жеті жылда ит Тольяттии тұрғындары арасында танылып үлгерді.

Бір күні қоғамдық көліктен өтіп бара жатып, халық жолдың жиегіндегі итті көрмейді. Көше босап қалғандай.

«Барлығы оны көретін және халықтың барлығы оны білетін. Константин өліп қалғанда ішімізде бірдеңе аударылып түскендей болды. Қазір ондай адалдықты көп кездестіре бермейсің» дейді Тольятти тұрғыны Наталья Муромец.

Итті орманда өлі күйінде тапқан. Қала тұрғындары 2003 жылы ақша жинап итке ескерткіш орнатқан. Қазір Константин жолдың бойында иелерін күтіп жолға көз салып, адамдарға адалдық пен махаббат туралы еске салып тұрады. 

Аударған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар