Көшелердің Советтік атауларын ауыстыруға қарсылар бар

/uploads/thumbnail/20170708154830470_small.jpg

Қарағанды Кеңес одағынан қалған кертартпа атаулардан арыла бастады. Қалада қазір көше аттарын ауыстыру науқаны басталып, жұрттың ұсыныстары дауысқа салынып жатыр. Алайда, коммунистік дәуірден бері келе жатқан алғашқы төрт көшенің атауын өзгертуге өңешін жыртып қарсы шығатындар бар екен. Bnews.kz-тің жазуынша, бұл туралы КТК арнасы хабарлаған. 

Қарағандыдағы Шахтостроительная және Октябрь революциясының 40 жылдығы атындағы көшелерге Қарағанды өңірінде түрлі басшылық қызметте болған Сопыжан Әшляев пен батыр Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру мәселесі ың-шыңсыз қолдау тапқан. Алайда, Новоселов көшесіне Жанқожа батырдың есімі ұсынылғанда, әлгі көше тұрғындарының төбе шаштары тік тұрыпты. Бірі ескі атауға тиіспеңдер десе, екіншілері Жанқожаның Қарағандыға сіңірген еңбегі жоқ деп тулаған. Архитектурная көшесіне ұсынылған Жаяу Мұса есімі де осының кебін киіп, біраз дау болыпты. Ұзақ айтыс-тартыстан соң залға жиналған 70-ке тарта адамның басым дауысымен 4 көшеге ұсынылған жаңа есімдер мақұлданып, бекітіліпті.  Бірақ, қарасы сирек қарсы тарап, енді атау өзгерту мүлдем доғарылсын дегенді  айтып тарасыпты.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар