Ресей СІМ баяндама жасап, НАТО-ның әскери базасы мен құрылымдарының Грузияда орналастырылуына қатысты ескерту жасады. Бұл туралы Иран Қазақ радиосы жазды.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей СІМ баяндамада сәрсенбі күні Женевада өткен Кавказ аймағының қауіпсіздігі жайлы халықаралық келіссөздердің тағы бір кезеңі болатыны жайлы айтып, сондай-ақ «НАТО базасының Грузияда орналастырылуы Кавказ аймағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін қауіпті» деп ескерткен. Ресей СІМ-нің баяндамасына сәйкес, Оңтүстік Осетия және Абхазия делегациялары да Женева келіссөздерінде НАТО-ның Грузияға қатысты соңғы жиналыстарда қабылдаған шешімдеріне тоқталып, халықаралық келісімнің бекітілуінің қажеттілігін баса айтқан. Бұл келісімшарт бойынша Тбилиси Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтарына қарсы күш қолданбауға міндеттеледі. Женева келіссөздеріне Ресей, Америка, Грузия, Абхазия мен Оңтүстік Осетия өкілдері қатысты. Келіссөздер БҰҰ мен Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылауымен өтті. Ресей тарапы осы отырыста НАТО-ның Грузияда әскери база мен құрылымдарды орнату жайлы шешіміне байланысты алаңдаушылық білдірді.
Қамшы-ақпарат