АӨК-ті дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы

/uploads/thumbnail/20170710091315546_small.jpg
  1. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Үкіметтің қаулысымен оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, ол 134 іс-шарадан тұрады. 2017 жылғы 1 маусымға дейін 12 іс-шара жоспарланған болатын, оның барлығы орындалды деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
  2. Егістік алқаптарын пәрменді әртараптандыру жүргізілуде. Ол үшін министрлік пен әкімдіктердің арасында 2021 жылға дейінгі меморандумдарға қол қойылды. Нәтижесінде, қажетті дақылдардың көлемі 932 мың га. кеңейтіледі.

 

  1. Бүгінгі күні көктемгі егіс жұмыстары 87%-ға аяқталды. ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін соңғы мөлшерлеме алғаш рет жылдық 6%-дан аспайды, өткен жылдары соңғы мөлшерлеме 9-10%-ды құраған болатын.  Бұдан басқа, жалпы  несие өнімдері бойынша қажетті құжаттар пакеті 24%-ға қысқартылды.

 

  1. Осы жылдан бастап элиталы тұқымдарды субсидиялау жаңартылды және Бірегей және элиталық тұқымдарды, сондай-ақ ең төменгі нормаларды қолданбай, бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын субсидиялау қалпына келтірілді. Осы жылы тұқым шаруашылығына бөлінген қаражат былтырғы жылмен салыстырғанда 3,2 есеге артық. Тұқым шаруашылығын дамыту үшін инвестициялық субсидиялау бағдарламасына тұқым шаруашылығы техникасы енгізілді.

 

  1. Тыңайтқыштарды қолдануға ынталандыру мақсатында субсидиялау тәсілдері өзгертілді, олар тыңайтқыштар қолдану көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Субсидиялау нормасы бұрын пайыздық мөлшерлемеде болса, ағымдағы жылдан бастап нақты цифрлармен белгіленетін болды. Бұл шаруалараға сапасы жақсы тұқым алуға мүмкіндік береді.Субсидияланатын тыңайтқыштар саны 2016 жылы 85 болса, 2017 жылы 161-ге дейін артты. Бүгінгі таңда 200 мың тонна тыңайтқыш алынды.

           

  1. Мал шаруашылығы саласында субсидиялау механизмі өзгертілді, бұл субсидия алушылар санын арттыруға мүмкіндік береді. Шошқа шаруашылығын субсидиялау критерийлері азайтылды. Ұсақ шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативке қатыстыру бойынша келесі шаралар қабылданды:
  • барлық 160 ауылдық ауданда семинарлар өткізіліп, 2 248 ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімдерінің орынбасарлары оқытылды;
  • кооперация туралы сұрақтарға толық мәлімет алу мақсатында Колл-орталық және порталы жұмыс жасауда.
  • ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін модульді сүт қабылдау және мал сою пункттерін кепілсіз және алғашқы жарнасыз сатып алу схемасы енгізілді, сондай-ақ кооператив мүшелері үшін несиелерді кепілдендіру тетігі көзделді.

 

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау мақсатында 52 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы – 25 млрд. теңге және Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде 27 млрд. теңге қарастырылды.

30 мамырдағы жағдай бойынша  286 бірлік тіркелді, соның ішінде сүт дайындау бойынша 102, ет өндіру және дайындау бойынша 181. 20 136 бас ірі қара мал басына арналған отбасылық бордақылау алаңы мен 51 жылыжай құрылды. Ауыл шаруашылығы өнімінің тауарлы өндірісіне 40 мыңнан астам жеке қосалқы және ұсақ фермерлік шаруашылықтар қатыстырылды (2017 жылға жоспар – 135 мың ЖҚШ).

Жалпы кооперативтерді құру бойынша жақсы динамика байқалуда. Сонымен қатар, тіркелген кооперативтердің кейбірі ұсынылатын талаптарға сәйкес келмейді, ал жеке өңірлер бойынша жалпы жұмысты күшейту қажет. Осындай кооперативтерді  талаптарға сәйкес келтіру бойынша шаралар әкімдіктерге жеткізілді және олар бойынша нақты жоспар құрастырылды.

 

  1. Субсидиялау өлшемшарттары төмендетілді, егер бұрын бордақылаушылар 400 және одан жоғары басқа субсидия алса, қазір 100 бастан бастап ала алады. Осылайша субсидия алушылар саны 3 есеге өсті (1475-тен 522 шаруашылыққа дейін), тиісінше сиыр етінің өндірісі де  40%-ға артатын болады  ( 31,5 мың тоннадан 43,8 мың тоннаға дейін);

Сондай-ақ сүтті субсидиялау бойынша да өлшемшарттар төмендетілді, мәселен қазіргі таңда сүт-тауарлы фермалар 50 басқа (одан бұрын – 240 бастап) субсидия ала алады, сонымен қатар тапсырылған сүтті өңдеуге ауыл шаруашылығы кооперативтеріне литріне 10 теңге сомасында субсидиялау көзделген.  Сүт өндірісін субсидиялаумен қамту 1,5 есеге 272-ден 422-ге дейін немесе алушылар саны 2 есеге ( 269-дан 532-ге дейін) ұлғаяды.

Асыл тұқымды қой шаруашылығындағы субсидиялау нормативі бір басқа 2500 теңгеге дейін (бұрын – 1500 теңге) ұлғайтылды және кемінде 300 бас ұстайтын шаруашылықтарға ғана субсидия алуға мүмкіндік беретін жоғары өлшемшарттар алып тасталды. Осының арқасында субсидиялаумен қамтылғандар 1,3 есеге немесе 2300 шаруашылыққа дейін ұлғаяды.

Сондай-ақ қой субсидиясы аса талап етілетін қозыға ауыстырылды.

Сонымен қатар жүнді өңдеу бойынша қолданыстағы кәсіпорындардың толықтай жүктелмеуіне байланысты биязы ғана емес жартылай биязы жүнді субсидиялау көзделген.

Бұның бәрі бөлінген қаражат шеңберінде алушылар санын және субсидияланатын мал шаруашылығы өнімін қамтуға мүмкіндік береді.

 

  1. Ветеринария саласында 25 мамырда Қазақстан қалған 5 облыс (ШҚО, ОҚО, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары) үшін аусылдан таза аймақ мәртебесін алды. Бұл шешім үшін Халықаралық эпизоотиялық бюроға мүше 180 елден делегаттар дауыс берді. Бұл жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер экспортын ұлғайтуға жақсы мүмкіндік береді.

 

  1. Қытай нарығы қазақстандық балық пен балық өнімдері, жылқы тұқымдас асыл тұқымды жануарлар, сондай-ақ бал және бал ара шаруашылығы өнімі үшін ашық. Маусым айында мұздатылған қой еті бойынша хаттамаға қол қою жоспарлануда, аталған елге тауарлы жылқыларды да әкелу шарттары келісілуде. Иранға тоңазытылған қой еті мен тірі қойларды әкелуге ветеринариялық сертификаттардың жобалары келісілді, және мұздатылған қой еті бойынша жұмыс жүргізілуде. Біріккен Араб Әмірліктеріне ірі және ұсақ қара малды, тауық жұмыртқасын әкелуге ветеринариялық сертификаттарға қол қойылды.   Бұдан басқа, Израиль және Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметтерімен жануарлардан алынатын қазақстандық өнімнің экспортын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

  1. Фитосанитария саласында ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды организмдер бойынша өңдеулердің болжамды көлемдері 4,8 млн. гектарды, оның ішінде үйірлі шегіртке бойынша 1,6 млн. гектарды құрайды.  Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында мароккалық шегірткеге қарсы 500 мың га өңделді, бұл ағымдық жоспардан 180 мың гектарға немесе 55 %-ға артық. Осыған қарамастан, жер-жерлерде қажетті препараттар мен техникалар саны бар. 
  2.             Суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін Ислам даму банкі мен Еуропа Қайта құру және Даму банкімен 205 мың га жерді қалпына келтіру және айналымға тарту үшін сомасы 103,4 млрд. теңгеге келісімдерге қол қойылды.

Ұлттық экономика министрлігінің қарауына сегіз облыста (Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан) 22 жаңа су қоймаларын салу бойынша мемлекеттік инвестициялық жобалар енгізілді және еріген қар суы мен тасқын суларды жинау бойынша ұсыныстар даярлануда.

 

12.       АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жаңа міндетінің бірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін заманауй техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді арттыру, сондай-ақ республикамыздағы ауылшаруашылығы техникасын дамыту.

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар