Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» телеарнасының басшылығынан кетті

/uploads/thumbnail/20170710102827141_small.jpg

«Әйел бақыты» бағдарламасының тележүргізушісі  Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» телеарнасының басшылығынан кетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі..

«5 жыл аз ба, көп пе білмеймін, бірақ уақыт қымбат және сол уақытыңды арнаған іс қымбат. Сондықтан мен үшін "Балапанның" жөні бөлек. "Балапанды" баптау - кәдімгі кішкентай баланікіндей күтімді қажет етеді. Оны жүрегіңмен жақсы көресің, еңбегіңді, ынта-жігеріңді арнайсың, біліммен қуаттандырасың, тамырынан алыстамауын, жаңадан қалыспауын қалайсың, тоқтатпауға, тек алға жетелеуге тырысасың... 7 жасқа жетіп қалған, «Балапанға» қарап, сүйсінетін сәттердің көп болғанына көзім жетеді. Бәріне ризашылығымды білдіремін!Бүгін бала күтіміне байланысты демалыста болған әріптесіме барлық жұмысты заңды түрде тапсырдым, бірақ "Балапанға" осы саланың маманы ретінде,одан бұрын АНА ретінде қашанда тілектес, жанашыр болып жүретінім ақиқат! Қазір «Балапан» рейтинг бойынша эфирлік арналардың біразынан озып тұр. Алда да осы көрсеткішін жоғалтпайтынына сенемін. Рақмет «Балапан», - деп жазған болатын Ләйлә Сұлтанқызы Instagram әлеуметтік желісінде.

«Балапан» телеарнасының басшылығына журналист Жанар Шәмел келді.

Шолушы: Ақнұр МҰХТАРХАН

Қатысты Мақалалар