2021 жылға дейін сұранысқа ие тарихи құжаттар цифрлік форматқа көшіріледі

/uploads/thumbnail/20170710102837547_small.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві цифрлік дәуірге қадам: жаңа бағдар» тақырыбында баспасөз конференция өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві өндірістік қызметін толықтай модернизациялауға және Электронды архив құруға кірісті.

Шараға Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Борис Әлікенұлы Жапаров қатысты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Архивте Ақпараттандыру Концепциясы мен Бағдарламасы толық кешенде жүзеге асырылуда, Ұлттық архив қоры құжаттарын жаппай цифрлеу жұмыстары жүргізілуде, зерттеушілер үшін «виртуалды оқу залының» ақпараттық құрылымы мен моделі құрылған.

Заманауи ақпараттық технологияларды енгізу мен Электронды архив құру бойынша Архив тарапынан атқарылып жатқан шаралардың дұрыстығы мен мақсаттылығын зерттеушілер мен архившілердің пікірлері де нақтылауда.

Архивтің 2021 жылға дейінгі жоспарында 1 категорияға жататын архив істерін яғни, аса құнды және зерттеушілер тарапынан сұранысқа ие тарихи құжаттарды цифрлік форматқа көшіру мақсаты тұр. Осындай істердің жалпы саны 160 мың. Биылғы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 62 мың іс цифрленген.

Архивтің бұрындары қолданып жүрген ақпараттық жүйелері әр түрлі компаниялармен әр жылдары түрлі бағдарламалық платформаларды пайдалана отырып жасалуы бизнес-процесстердің орындалуында қиындықтарға алып келген еді. Барлық бизнес-процесстерді тиімді автоматтандыру мақсатында Архив 2014 жылдан бастап жаңа Ақпараттандыру концепциясын қабылдады. Ондағы басым бағыттардың бірі болып Архив қызметінің басты бағыттары: жинақтау, сақтауды қамтамасыз ету, пайдалану және ғылыми-анықтамалық аппарат құру қызметтерін толықтай қамти келе, Электронды архив жүйесін құру болып анықталды.

ҚР Президентінің Архиві ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана отырып, бірнеше ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ҚР Президенті Архивінің http://archive.president.kz  сайтына Қазақстанның жаңа заман тарихының маңызды тарихи оқиғаларын сипаттайтын 33 виртуалды тарихи-құжаттық көрме орналастырылған. Олардың қатарында қазақстандықтардың 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысуы, халықтарды Қазақстанға депортациялау тарихы, 1920-1930 жж. қазақ алфавитін латын алфавитіне көшіру және т.б. тақырыптардағы көрмелер бар. Әлемнің барлық зерттеушілері үшін виртуалдық көрмелерде бірегей архив құжаттары онлайн режимінде қолжетімді. ҚР Президенті Архивінің мұндай қадамға баруы Елбасының Бес институционалды реформасының ««Менің Елім» Азаматтық біртектілікті нығайту» 87 қадамына сай келеді.

 

Қатысты Мақалалар