2017 жылы наурыз бен мамыр айларының аралығында әр қазақстандық косметикаға, парфюмерияға 20 мың теңгеге жуық ақша құртты деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі «Яндекс .Деньги» электронды төлем қабылдау қызметіне сүйеніп.
Бұл сома былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты. Жақпамайларға, косметикаға, парфюмерияға кететін сома 23 361 теңге.
Сонымен қатар, қазақстандықтардың арасында кометикадан бөлек спорттық тауарларға да тапсырыс беру жиіледі. Түбіртектің орташа сомасы 24 245-тен 61 026-ға дейін өсті.
Сырт-келбетінен бөлек қазақстандық қолданушылар өзін дамытуды да шетте қалдырған жоқ. Осы жылғы көктеммен былтырғы көктемді салыстырсақ, онлайн-оқыту курстарымен оқитын адамдардың саны 1,8 есеге өсті. Орташа есеппен – 19 070 теңге. Кітаптарға тапсырыс беру көрсеткіші 3,2-ге артты деп жазылды.
Зерттеу барысында Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Өскемен, Семей қалаларының төлемдері Яндекс.Касса арқылы салыстырылды.
Шолушы: Альмира АСЛАНОВА