«Масқараның көкесі ЭКСПО басталғанда шығып жатыр»

/uploads/thumbnail/20170710123426310_small.jpg

ЭКСПО басшысы Ахметжан Есімовтің назарына!

Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің демекші, масқараның көкесі ЭКСПО басталғанда шығып жатыр. Бүгін көлігіме бір қыз бен екі әйел адам мінді. ЭКСПО-ға апарып салуымды өтінді. Екі əйелдің бірі сонау Шымкенттен ЭКСПО-ға келген екен, жұмысынан билет алып. Содан апарып тастап, үйге келгенде көлігімнің артқы жағынан телефон тауып алдым. Сөйтсем жаңағы ЭКСПО-ға апарып салған адамдардікі болып шықтым. Содан ол əйелге уайымдамауын сұрап, 3 сағаттаң соң əкеліп беретінімді айттым. Келіскен уақытта апарған жеріме бардым. Содан əлгі сонау Шымкентен келген 30 жылдық тəжірбиесі бар, жасы 50-ге тақалып қалған мұғалімнің алған билеттері жарамсыз болып шыққан. Себебі билеттерінің бəрі көшірме болған. Содан ЭКСПО-ға кіре алмай, ашудан жарылардай болып отыр.
 

Басқа басқа, əлемдік көрмеден мұндай сұмдық шығады деп ойламадым дейді. Билетті, әрине мектептен алған. Осындай шу 12-нен бері шығып жатыр екен. Көптеген мұғалімдердің билеттері көшірме болып шығып жатыр дейді. Бүгін Шымкенттен басшылар ұшып келіп, шу шығармауларын өтініп жатқан көрнеді!

Құрметті Есімов мырза, дереу мұғалімдерге сатылған билеттерді тексеруді сұраймын! Мұндай заңсыздықтарды дереу тексеріңіз. Билетті дəрігер, мұғалімдерге қинап алғызғаныңыз аздай,енді сол алған билеттері жарамсыз...

Билеттің бағасын айта кетсек , ең арзаны 4 мыңнан басталады. Құрметті əлуметтік желідегі достар, билет алғанда абай болыңыздар. Алған билетеріңіз жалған болып, кіре алмай қалмаңыздар. Егер алсаңыздар дереу тексеріңіздер!

Makhsat Yerbolat есімді Фейсбук қолданушысының парақшасынан алынған

Қатысты Мақалалар