№4 қалалық клиникалық арухананың үш күзетшісі қос бүйрегі дұрыс жұмыс істемейтін 1-топтағы мүгедектің қолын қайырып, жертөлде жұдырық жұмсаған деп жазады Алматы телеарнасы. Күн ара ауруханаға келіп, гемодиализ арқылы емделіп жүрген жағдайы мүшкіл жігіт кеше үйіне көк ала қойдай болып қайтты. Ал №4 клиникалық аурухананың дәрігерлері мен қауіпсіздік қызметі мүгедек Марат Тұрымбетовтың өзін кінәлап отыр. Айтуларынша ол медбикелерге қол жүгіртіп, бірнеше рет анайы қылықтар көрсеткен.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет