Америка енді Орталық Азияда әскери база құруды қаламайды

/uploads/thumbnail/20170708155255731_small.jpg

Америка Мемлекеттік хатшысының Орталық Азия мен Азияның оңтүстігі істері жөніндегі орынбасары Ричард Хогланд дүйсенбі күні Қазақстанның басқаласы Астанада: «Вашингтон америкалық күштерді Ауғанстаннан шығарған соң, Орталық Азияда әскери базалар құруға өтініш жасамайды» деді. Бұл туралы Иран қазақ радиосы хабарлады.

1

Хогланд америкалық күштердің басым бөлігінің 2014 жылдың соңына дейін Ауғанстаннан шығарылатынына тоқталғаннан кейін: «Вашингтон аймақта база құруды қаламайды» деді. 

АҚШ-тың бұдан бұрын Қырғызстанда әскери базасы болған болатын. Ауғанстандағы жағдай тұрақталған соң  олардың әскері Манастан шықты. Ал, осы аптаның басында АҚШ әскери күштері Ауғанстаннан түгелдей қайтарылды. АҚШ-тың әскери базасы Қазақстанда да орын алуы мүмкін екені туралы әңгімелер бұған дейін қозғалып жүрген. Алайда Ресей бұл мәселеге теріс позиция ұстанып келген еді.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар