Әр 1 сағат сайын бір Қазақстандық өзіне қол жұмсайды

/uploads/thumbnail/20170708155256375_small.jpg

Дар ағашы. Асылған қыз. Атылған бала. Отбасына бағытталған соңғы сөйлемдер... Көк жәшікке телмірсеңіз болғаны іздегеніңіз алдыңыздан тілемей-ақ табылады. Өз-өзіне қол жұмсау қай көзқараспен келсең де қисынға қонбайтын рухани құлдыраған адамның ақырғы шешімі. Ер өлсек дейтін байырғы заман емес, ерте өлсек дейтін жастарымызда арамызда жүр. Бұл адам ақылының тұйыққа тіреліп,шығар жолды «жан шығару» деп түйсінген кезі болса керек. Жастайынан жалғаннан жалыққан жасөспірімдерімізге не жетіспейді? Отбасылық жылу ма? Ортасының мейірімі ме? Ресми деректер дегеніне сенсек әлемде жылына 1 100 000 адам өз-өзіне қол жұмсап өмірден озады. Мамандар мәліметінше тек бұл өзін анық  өлімге қию үшін әрекет қылғандардың ғана статистикасы. Ал дәріні шектен тыс қолдану, биіктен құлау, жол апаты да суицидтің синонимдері бойынша әлемде жылына 4 000  000 – ға жуық адам қаза табады екен. Жылына 19 000 000 адам өзін-өзі өлтіру әрекетін қолданып көреді.  Олардың 4/1 ғана ( 24%) ғана әуелі Алла онан кейін жоғары медициналық көмектің көмегімен аман қалады. Еркектердің өз-өзіне қол жұмсауы себепті қайтыс болуы әйел адамдарға қарағанда 4 есеге көп  екен. Керісінше,әйелдер еркектерге қарағанда қол жұмсау процесін 4 есеге жиірек жасайды екен,бірақ олар өлімге сирек апарар тәсілдерін қолданып,аман қалып отырады. Ал енді сабыр етіңіз. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы зерттеу жүргізіп суицид жиірек орын алатын елдерді 3 категорияға бөліпті.

Суицид өте жиілігі жоғары елдер: ( 100 000-нан астам халыққа 20 адам) 5 Орташа көрсеткіштегі елдер: ( 100 000 халыққа  10 адамнан 20 адамға дейін) 58 Өте төмен көрсеткіштегі елдер: ( 100 000  халықтан 10 адамға дейінгі көрсеткіш) 9 Ал     Египетте ,  Ямайкада,  Гаити де өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші 0% - ға жақын екен.

Статистиканы сөйлетсең төбе шашың тік тұрады. Жер көлемінен әлемде 9-орынға ие 16 000 000 (оның өзін 130 ұлттың өкілі құрап отыр) халқы бар Қазақстан 4-ші орынға тұрақтапты. 16 000 000 аттас адамы бар Қытай бізден кейін орналасқан. Осыдан кейін халық санын өсіріп көр. Кірісіңнен шығысың көп. Сарапшылар статистикасына  сенсек тәулігіне бір Шығыс Қазақстандық о дүниеге осы жолмен аттанады екен. Өскемен қаласының өзінде жылына 100 адамнан   200 адамға дейін кісі шығына болады екен. Әлемде жылына 1 000 000 адам жаңағы жолмен жалғаннан жылжыса соның 8 000-ы Қазақстандықтар екен. Орта есеппен алғанда Әлемде 40 секунд сайын бір адам суицидтен қайтыс болатын болса,онда  әрбір 1 сағат сайын бір Қазақстандық өзіне қол жұмсайды деген сөз. Бұл көрсеткіш ат төбеліндей қазаққа тым ауыр соғады. Күні кеше ғана Павлодар қаласында жаппай кісі өлтірілімі орын алды. Күдікті 1980 жылғы жігіт өзінің жұбайын 1982 жылғы ,4 жасар ұлын,ағасын 1978 жылғы  ,әпкесін 1979 жылғы  және әпкесінің 9 жасар  қызын айуандықпен өлтірген.  Мәйіттер пәтерде  бір тәулік бойы жатқан. Есікті біреудің ашуға әрекеттенгенін естіген күдікті өзін де пышақпен жарақаттаған. Бұл жағдайға «отбасын ауыр тұрмыс жағдайынан құтқару үшін бардым» - деп ақталыпты. Бірақ тексеріс нәтижесінде екі отбасының да материалдық жағдайы жақсы,жұмысы бар тек, күдікті жігіттің екі қолға бір күрек таппай жүргені анықталған. Өзгенің өмірін ойрандап,өз өмірін де оңдырмағаны белгілі. Күдікті 2007 – 2013 жылдар аралығында әскери бөлімнің бірінде қызмет қылып,аттестация барысында өзінің бұрын істі болғанын жасырам деп  қызметтен қуылған екен. Туғанына қылған қастандықтан кейін отанына адал қызмет қылады деу..Әскери демекші ол жақтың да жағдайы мәз емес. Әскерге шабытпен кеткен баласының табытпен оралғанын көру жақындарына  оңайға соқпас. Ата-ана көңіліндегі әскери өмірдің қорқынышты кейпі осылай сақталған. Ойламайын десе дүркін-дүркін болған «кісі өлімі» қам көңілді күдікке кісендеп қойған. Челахтың жайынан кейін тіпті әскер десе үрке қарайтын ата-ананың баласына шақырту келсе төбе шашы тік тұрады. Өзін-өзі дарға асу оқиғасы артпаса кеміген жоқ. Онда болар «әлімжеттіктің» соңы соңғы сапармен тынып жүр. Осындай жайттан кейін балаңызды әскерге жіберіп көріңіз. Өмірдің өзгелер үшін тым арзандап кеткенін мына жайттан кейін бағамдаса болғандай. Осы биылғы әлемдік футбол чемпионатында өз командасының ойсырай ұтылғанын көтере алмаған Бразилиялық  14 жасар қыз өз-өзіне қол жұмсап о дүниелік болды. Өз өлімі өзіне де өз жанұясына да қыл аяғы футбол құрамасының жақсы ойнауына жәрдемдескен жоқ. Кім біледі мүмкін оның өлімі өз ортасында ерлік деп бағаланып өз қалаған дүниенің соңында өлуді абырой санайтын ортаның айта жүрер адамына айналған шығар. Тек жаман жол жастарымыздан алыс болғай. Тағы тұйыққа тірейтін,ауыр мұңмен айналдыратын нәрсе даңғаза музыкаға үйірсектік. Адамды ойлантуға мүмкіндік бермейтін  ауыр музыкаларды тыңдаған сайын да реалды өмірден алыстай түседі. Гитлердің бізді жаулау үшін: « - Оларды жеңеміз десек даңғаза музыканы тыңдата беруіміз керек,ойлануға қолдары тимес үшін» дегені бар. Өз өміріне музыка түсіндірген санамен қарайды. Әннің де естісі бар,есері бары осы орайға сәйкес келеді. Тағы қайталануы сирек мәселелердің бірі жас өспірімдер арасындағы балаң махаббаттың жауапсыздығы болып келеді. Сезім жайлы салмақты пікірі қалыптасып үлгермеген адамның өмір жайлы да тайыз ойлайтыны ақиқат. Соның салдарынан ғимараттан құлау,тамырын кесу сияқты оқиғалар болуы жиіледі. Ата-анасымен түсініспей қалу, достарымен араздасу болашақтың бұлыңғырлығына өз санасын сендіру арқылы жүзеге асады. Ата-анасының қажетті деңгейде көңіл бөлмеуі салдарынан бала санасы жалғыздыққа үйреніп,әке-шешесінсіз өмір сүру режиміне толыққанды бейімделеді. Балабақшаға  мен үй арасында тасымалданып жүрген бала ата-анасын тек дастархан үсті көріп,еркелер уақытының ертерек кетіп қалғанын түсінеді. Бұл жағдайдың да  теңізге құйған тамшыдай болсын суицидке септігі бар. Оған көзіміз куә. Зерттеуші-сарапшылар осы жайттарды тізе келіп,мына жағдайларды басты себеп ретінде қарастырады: жұмыссыздықтың белең алуы,әлеуметтік жағдайдың нашарлығы және ішімдік пен нашақорлықтың салдарынан. Оның үстіне несиені жаба алмаған адамның да құтылудың оңай жолы ретінде осы нұсқаны таңдауынан дейді.  Бұл жағдайлар жалпының жайына жауап бола алмас,дегенменде басым көптің басын ауыртқан осы жағдайлар. Қазір әр қазақтың басында кемі бір-бір несиеден бар. Несие аларда несібемізді бергендей қуанамыз,қайтарада қуанғанғаныңа қайғырасың. Қорқыныштысы несие алғанның бәрі демейік 1000-нан  1-і өзін ана дүниеге қайтарып отырса,онда демографиялық даму дегенді оқулықтан ғана көре аламыз. Суицидтің сұмпайы түрі осы жолмен жалғасын тауып жатыр. Мәселе діңі жұрттың діннен алыс жатқандығында. Кісінің өзіне қол жұмсауы екі дүниеде де кешірілмес күнә. Бұл індетпен қоғам болып күресу керек. Мектеп,университет жалпы білім ордаларында суицидтің алдын алу шараларын өткізіп, мешіттен дін қызметкерлерін шақырып аталмыш жолдың зияны туралы лекциялар оқытылуы тиіс. Әйтпесе, қай жылдары « 16 000 000 » болып едік деп еске алып отырар заман тумасына кім кепіл?!

Орхан Бақытбеков.

Қатысты Мақалалар