Енді қазаққа есек міну қалды...

/uploads/thumbnail/20170708155642556_small.jpg

Жаздан бергі жанар май бағасының жосықсыз өскені жағамызды ұстатса да, жазғанды «жазықсыз» кінәлағанымыз дұрыс болмапты. Бензин бағасының көтерілгенін күңкілдеп көре алмап едік, көресіне енді көрдік. Қазір қалаған бағасын ұсынса да қалаған литріңді табу қиын. Бұрынғыдай «ақшаң болса қалтаңдаға» көнетін кез емес. Кей бекеттерді тіпті АИ-92 маркалы бензині талонмен ғана беріледі.

Статистика бойынша Қазақстан сұранысын қанағатттандыру үшін жылына жалпы 2,8 миллион тонна бензин керек екен, оның тек 1,8 миллион тоннасын ғана өзімізде өндіріледі. АИ-92 маркалы бензинінің тапшылығы жаз айларынан бастап сезіле бастаған болатын. Бұл тұралы Школьник мырза: « Рас, қазір АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы айқын сезілуде. Бағаны барынша ұстап тұруға тырыстық. Біз бензинді Ресей федерациясынан тасымалдаймыз. Қыс айынан бері Ресейде АИ-90 маркалы бензиннің бағасы 160-170 теңгені құраған болатын. Ал біз 115 теңгеден сатылымға шығардық. Қазір 127 теңге. Бұл алыпсатарлықпен айналысатын жекелеген компанияларға тиімсіздік тудырғасын, оларда тасымалдауын тоқтатты»-деп жағдайды барынша тігісін жатқыза жеткізді. Жақында Әзірбайжан ресбуликасы мемлекеттік SOCAR мұнай компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаев Қазақстанды бензинмен қамтамасыз ете алатындықтарын мәлімдеген болатын. Бұл сөздің ақиқатқа айналу процесін күту қанша уақытты қамтитыны белгісіз. Біздегі кемшілік өндірістен бөлек шикізат өңдеу компанияларының жоқтығы, бар болған күннің өзінде қажетімізді өтей алмай жатқандығында. Бүгінде қала көшелеріндегі көлік кептелістеріне кешіріммен қарайсың. Себебі, жанар май бекеттерінің кезегінде тұрғандардың қарасы көбейген. Әзірбайжанның әлі келмесе, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы мен есекке сұраныс артайын деп тұр.

Орынбасар Бақытбек

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар