Ауғанстанда жолаушылар автобусына шабуыл жасалды

/uploads/thumbnail/20170716220611143_small.jpg

Ауғанстанның Фарах провинциясында «Талибан» радикалды қозғалысының қарулы топтары жолаушылар мінген автобусқа шабуыл жасап, нәтижесінде 7 адам қаза болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі politoboz.net мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Оқиға Бала Балук округінде болды. Тәліптер жолда кетіп бара жатқан автобусты тоқтатып, оның ішінен 7 адамды алып шығып, атып тастаған. Осыдан кейін содырлар Фарах пен Герат қаласы арасындағы тасжолды жауып тастайды. Қауіпсіздік күштері дереу операция жүргізіп, 10 содырдың көзін жояды.

Айта кетейік, соңғы уақытта негізінен ауылды жерлерде ықпалы күшті «Талибан» радикалды қозғалысы ірі қалаларға шабуылын жиілеткен. Осымен қатар «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» содырлары да билікке қарсы лаңкестік әрекеттерін күшейткен.

Шолушы: Айгерім Таубай

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар