Жаңғыру 3.0 — Жолдау туралы билік өкілдерінің пікірлері

/uploads/thumbnail/20170724235607951_small.png

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы халыққа жолдауы туралы билік өкілдері мен қоғамдық тұлғалар қандай пікір білдірді? Қамшы тілшісі ел ағаларының Елбасы жолдауы пікірлерін саралап көрді.

Жансейіт Түймебаев: Жолдау – жаңғырудың даңғыл жолы

«Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауында жаңару мен жаңғырудың даңғыл жолына түскен Қазақстан ширек ғасырдың ішінде бүкіл әлемге қуатты, дамыған, ынтымағы жарасып, ырысы артқан мемлекет ретінде танылды.  Ендігі кезекте әрбір  қазақстандық  осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуі қажет.»

Н. Нығматулин: Елбасы Жолдауы Қазақстанымыздың даму тарихындағы жаңа кезеңді бастады

 

«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың     Жолдауы  –  еліміздің тарихи белесін бастаған  өте маңызды құжат.  Онда  Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа  бағыттарын  белгілеп берді. Осы кезеңде әсіресе,  ұлттық экономиканы  көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Бұл ең алдымен халықтың әлеуметтік   жағдайын   күшейтуге   ықпал етеді»

Бердібек Сапарбаев: Біз Елбасы Жолдауын орындау үшін бар күшімізді саламыз

«Президенттің саяси жігерінің арқасында жеткенін білесіздер. Бұл Жолдау бұрынғыларынан өзгерек, өйткені бұл құжат негізінен еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуге бағытталған»

ҚМБД: Жолдау-2017: Ұрпақ тәрбиесіне басымдық берді

«Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмді алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды. 

Нұрсұлтан Әбішұлы Жолдауында өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау және бұл іске діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажеттігіне ерекше тоқталды.

Расында, бүгінгі аға буын, орта буын өкілдерінің негізгі миссиясы – жастардың көкірек көзін ашып қана қоймай, олардың рухани дүниетанымын байытып, мемлекетшіл, толерантты, ұлтжанды ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру»

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар