Ауғанстан шығысындағы Нуристан провинциясында әскерилер «Талибан» қарулы топтарымен қақтығысып, 45 содырдың көзін жойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
50-ден астам лаңкес жараланған. Оқиға Вант Виагаль округінде болған. Жауынгерлерге 300-ге жуық содыр шабуылдады. Сарбаздарға әуеден көмек көрсетілген. Алайда, әскерилердің қанша адамынан айырылғаны белгісіз.
Соңғы уақыттары Ауғанстанда «Талибан» радикалды қозғалысының қарулы топтары ірі қалаларға шабуылын күшейткен. Себебі ауылды жерлерде ықпалы күшті тәліптер шаһарларды да өз бақылауына алуды көздейді.
Пікір қалдыру