ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева Қыздар университетінің «Құрметті профессоры» атағымен марапатталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында аталған ЖОО-ның медиақызметінде мәлім болды.
«Қыздар университетінде өткен Ғылыми кеңестің кезекті жиналысында Қыздар университетінің бұрынғы ректоры Динар Нөкетаева оқу орнының «Құрметті профессоры» атағымен марапатталды. 6 жылдан аса уақыт оқу орнына басшылық еткен Динар Нөкетаева өзіне көрсетілген зор қошеметке алғысын білдіріп, ұжыммен қоштасты», - делінген хабарламада.
Атап өте кетейік, Қыздар университетінің ректоры Динар Нөкетаева 28 маусым күні Алматы қаласы бойынша өткен сайлауда 32 процент дауыспен жеңіске жетіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына сайланған болатын.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сенаторлыққа барлығы 89 үміткер ұсынылған. Сайлау барысын 518 халықаралық және отандық байқаушы, 244 қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері қадағалаған. Атап өтетін жайт, бұған дейін Мәжіліс депутаты болған Динар Нөкетаева биыл сайланған Сенат депутаттары ішіндегі жалғыз әйел.
«6 жыл бойы Сіздермен қоян-қолтық, бірлікте, берекеде жұмыс істегеніме қуаныштымын. Қыздар университеті ұстаз-педагогтарды дайындайтын, Қазақстан ғылымы мен білімі саласында өзіндік қайталанбайтын болмыс-бітімі бар оқу орны. Қасиетті қара шаңырақты өз даралығымен, бірегейлігімен ерекшеленетіндігін қашанда айтып жүремін. Оны сөзбен емес, іспен де дәлелдеп келеміз», - деді Д.Нөкетаева.
Пікір қалдыру