Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ үкімет министрлерін қызметтен босатты. Үкіметтің шұғыл отырысында үкімет мүшелері қызметтен кету туралы өтініштерін премьер-министрге өткізді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Жақын күндері үкіметтің жаңа құрамы жарияланатын болады. Министр кабинетінде жаңа өзгертулер енгізу мақсатында қызметтен босатылған үкімет мүшелері құжат негізінде өз міндеттерін түске дейін атқарады.
Мұндай өзгертулер Либерал-демократиялық партиясы мен оның лидері премьер-министр Синдзо Абэнің рейтингісі төмендеп кетуіне байланысты орын алуда.
Абэ министр кабинетін жаңа құрамды ету арқылы рейтинг көрсеткішінің төмендеуін тоқтатпақ.
Пікір қалдыру