Бүгін алматылықтар Астана күнін атап өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алматыдағы Республика алаңында елорда күніне орай мерекелік концерт қойылды. Сахнаға шыққан қазақстандық эстраданың жұлдыздары екі сағат ішінде өнер көрсетті. Олардың қатарында Жәмила Серкебаева, «GS» гитарашылар дуэті, Зарина Омарова, Тұрар Рақымберлин, Жанна Орынбасаровалар болды. Алматылықтарды «Ligtbend», «Аюми», «Мистерионс» топтары, сондай-ақ Зируза, Кентал және басқа да өнерпаздар жиналған қауымды тәнті етті.
Өнер жұлдыздары «Астана», «Қазақстан», «Астана - Алматы», «Алматыға келіңдер», «Айналайын», «Көңіл ашар», «Туған ел», «Асыл әнім», «Бәрі тамаша» және басқа да әндерді шырқады.
«Былтыр Астана күніне орай өткізілген концертке бара алмап едім. Алайда мен алаңға келіп, адамдардың ортақ қуанышын, мерекелік көңіл күйді бөлісуге әзірмін. Осы мерекелік концерттен кейін отбасымыздың ортасында той әрі қарай жалғасады», - деді Людмила Науменко.
Сонымен қатар, бұл күні жұртты таңқалдырып, елдің есінде қалғаны – алматылық аспаздардың жасаған 19 метр болатын мерекелік торты болды.
Алматылық аспаздар Астана күніне арнап ұзындығы 19 метр болатын торт тарту етті. Тәтті сыйдың салмағы – 160 келі.
Қаладағы орталық саябақ балалардың шығармашылық әлеміне айналған. Бүлдіршіндер бормен асфальт үстіне бас қаланың суретін салып, жарысты. Түрлі-түсті гүл, күн, жүрек, Астананың символы – Бәйтерек бейнелері бейбіт заманда өмір сүріп жатқан бүлдіршіндердің алаңсыз өмірін білдіреді. Мерекеде ақ тілектер де ағылды.
Мерекелік шараның ерекше есте қалар сәті – саябақтағы демалушыларға ұзындығы 19 метрлік торт ұсынылуы. Астананың 19 жылдығына арналған тәтті сыйдың салмағы 160 келі. «Мерекелік тортты пісіруге 2 күн кетті», – дейді аспаздар. Тәтті тағамнан 1000-ға жуық адам дәм татты.
Еске сала кетсек, жыл сайын елімізде Астана күні аталып өтеді. Бүкіл ел аумағында биыл 19 жылдығын атап өтіп жатқан елорда күніне орай мерекелік концерттер қойылады.
Пікір қалдыру