ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Алатау ауданының жаңа әкімі болып, Шахмерден Рыспаев тағайындалды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек аудан әкімдігінің ұжымына жаңа басшыларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Шахмерден Рыспаев - жеке секторда да, мемлекеттік басқару ісінде де тәжірибесі бар. Мемлекеттік қызметті 2001 жылы Алматы қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған.
2002 - 2005 жылдар аралығында «Медеу» мемлекеттік табиғи паркінің аға консультанты қызметін атқарған.
2010 - 2015 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің мемлекеттік-құқық бөлімінің бастығы болған.
2015 жылдан бастап Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Еске сала кетейік, бұрын аудан әкімі болған Бағдат Манзоров Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.
Алатау ауданында 9 жыл ішінде 4 жаңа емхана, 9 мектеп, 12 мемлекеттік балабақша, Атлеттер ауылы, «Алматы арена» кешені салынды.
«Алғабас-6», «Нұркент», «Ақкент» ықшам аудандарында тұрғын кешендерінің құрылысы жалғасуда.
Пікір қалдыру