33 жастағы героин саудагері ұсталды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері «жедел сатып алу» әдісін іске асыруда 0,64-тен 1,13 граммға дейін героин сатқан 33 жастағы ақтөбелікті қолға түсірді.

Облыстық ІІД брифингте хабарлағандай, санкциялық тінту жұмыстарын өткізу барысында Селиверстов көшесі бойынша орналасқан күдіктінің үйінде

1,19 гр. героин, сондай-ақ 15 мың теңге анықталып, тәркіленді.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 259 бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті бұған дейін осыған ұқсақ бап бойынша істі болған, нашақор ретінде есепке алынған. Қазіргі уақытта ол тергеу абақтысына қамалды.

 

«ҚазАқпарат»

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар