Мемлекет басшысы Испания королі VI Фелипеге көңіл айту жеделхатын жолдады

/uploads/thumbnail/20170808184016034_small.jpg

Мемлекет басшысы Барселонадағы лаңкестік әрекетке байланысты Испания королі VI Фелипеге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

Мемлекет басшысы террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бағытталған бұл жантүршігерлік әрекетті қатаң айыптайды және терроризммен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, барша испан халқына, сондай-ақ Испания королі VI Фелипеге көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қатысты Мақалалар