Қырғызстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитеті елде теракт болу қаупі бар деп тұрғындарға ескерту жасап, барлық сақтық шараларын орындау қажет екендігін атап өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасай отырып.
Қауіпті халықаралық террористік ұйымдардың бірі «Джамаат Таухид ва Джихад» ұйымы төндіріп отыр, олардың басшысы Сирожиддин Мұхтаровқа Қырғызстандағы Қытай елшілігінде теракт жасады деген айыппен іздеу салған. Барлық күдікті қылмыскерлер мен фактілер жайында Ұлттық Қауіпсіздік комитеті барлық ІІМ мен ҰҚК бөлімшелеріне және ішкі істер басқармасының өкілдеріне хабар беруін тапсырды.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, «Джамаат Таухид ва Джихад» ұйымының өкілдері Бурханидин Жантораев пен Ильяс Сабиров атты содырларға іздеу салынған, қазіргі таңда олар Сирия мен Түркия шекарасында жасырынып жүруі мүмкін.