«Иранның былығын әшкерелеген» тәжік фильмі бірнеше тілге аударылды

/uploads/thumbnail/20170818142137257_small.jpg

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі азаматтық соғыс жылдары Тегеранға терактіні қаржыландырды деген айып тағылғаны турасында түсірілген «Иран: Азаматтық соғыс қолдауы 91-97» деректі фильмі бірнеше тілге аударылып, әлеуметтік желіде тарады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

45 минутқа созылатын фильм 8 тамызда кешкі уақытта «Точикистон» арнасында көрсетілген.

17 тамыздан бастап әлеуметтік желі қолданушылары фильмді тәжік, орыс, ағылшын, араб және өзбек тілдерінде көре алады. «Иран: Азаматтық соғыс қолдауы 91-97» фильмі сәрсенбі күні Фейсбук, Youtube, Одноклассники және өзге де сайттардың бетінен көрініс таба бастады.

Тәжікстан ІІМ басапасөз хатшысы Умарджони Эмомалидің айтуынша, олар фильмді аудармаған және кімнің аударғаны белгісіз. Ал бұдан бұрын фильмді Тәжікстан ІІМ қызметкерлері дайындағаны хабарланған.

Фильм көтеріліс барысында қайтыс болған Тәжікстан Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары генерал Абдухалим Назарзодтың үш жақтасының сотталғаны жайында түсірілген. Фильмде көрсетілгендей, бүлікшіл генерал мен Тегеранның қаржылық көмегінің арқасында бірнеше тәжік саясаткерлері, ғалымдары, сондай-ақ журналистері 2001 жылға дейін жалғасқан азаматтық соғыста қайтыс болған.

Тәжікстан жиырма жыл бұрынғы азаматтық соғыс кезінде қаза тапқан бірқатар танымал адамдардың өліміне Иранды айыптады. Тәжік мемлекеттік телеарнасы көрсеткен деректі фильмде 1990 жылдардағы ресми тұлғалардың өліміне "Иран тапсырыс берген" деген пікір айтылуына Тегеран наразылығын білдірген.

Қатысты Мақалалар