Батыс Қазақстанда болған жол апатынан 45 адам зардап шекті

/uploads/thumbnail/20170824142405112_small.jpg

Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласында екі жолаушы автобустары мен екі жеңіл көлігінің қақтығысуы салдарынан 45-ке жуық адам зардап шеккен. Бұл туралы Денсаулық сақтау департаменті басшысының төрағасы Гүлнәр Әбдірахманова хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы бейсенбі күні жергілікті уақытпен 08:40-та болған. Алғашында 20 адамның зардап шеккені хабарланған, олардың төртеуі кішкентай балалар, ал біреуі жүкті әйел.

«Зардап шеккендердің саны 45-ке жетті, 15 адам облыстық ауруханада тексеруден өтіп жатыр, ал 30-ы қалалық көпфункционалды ауруханаға жеткізілді», – деді Гүлнәр Әбдірахманова.

Әбдірахманованың айтуынша, жүкті әйел кеуде жарақатымен ауруханада жатыр. 17 жастағы жасөспірімнің бас миы жарақаттанған, 16 жастағы жасөспірімнің бүйрегіне зақым келді. 10 жастағы бала мен бірге толған сәбидің денсаулықтары тексерілу үстінде.

Облыстық Ішкі істер департаменті полицей қызметінің басшысы Манарбек Нәжиевтің мәліметінше, №7 автобустың жүргізушісі Reunalt Duster жеңіл автокөлігімен соғтығысқан. Соның салдарынан дистанцияны сақтай алмаған автобус алдында кетіп бара жатқан автобусқа соғылады. Ол автобус өзге жеңіл көлікті соқты. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар