Астанада Пагуош конференциясы өтеді

/uploads/thumbnail/20170815173857969_small.jpg

Астанада ядролық қауіпсіздік мәселесі қарастырылады. Жұмысын ертең бастайтын 62-ші Пагуош конференциясы барысында ядролық қауіпсіздік тілге тиек етіледі. Ғылым және жаһандық проблемалар жөніндегі конференция жұмысы 25 тамыз күні сағат 9:00-де басталады. ҚР Парламенті Сенаты мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған жиынға әлемнің 46 елінен 200-ден аса делегат келеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Төрт күнге жалғасатын Пагуош конференциясы «Жаңа ядролық қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл» тақырыбында өтеді. Шараның ашылуына ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Пагуош конференциясының Президенті Джаянта Данапала, БҰҰ-ның қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі Исуми Накамицу,  ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарты Ұйымның атқарушы хатшысы Лассина Зербо қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды. Конференцияның жұмысына арналған баспасөз жиында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев:

– 62-ші Пагуош конференциясының ядролық қауіпсіздік тақырыбындағы жиыны біздің елде өтетіні бекер емес. Халықаралық ұйым Қазақстанды суық қарудан бас тартқан, бейбітшілік пен татулықты ұстанған мемлекет ретінде мойындайды, – деді.

Сонымен қатар баспасөз жиынына қатысқан Пагуош конференциясының Президенті Джаянта Данапала ұйымның тарихы мен жұмысына тоқталды.

1957 жылы әлемде ядролық соғыстың қауіп-қатерлерін талқылаған ғалымдардың бірінші халықаралық кездесуі Канаданың Пагуош қаласында өткен. Қаланың құрметіне аталған ұйым халықаралық статусқа ие.

Астанада өткізілетін Пагуош конференциясының нәтижесінде «Астана декларациясы» қабылданады деп күтіледі.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар