Қазақстан мен Польшаның сауда-саттық қатынасы Орта Азиядағы өзге мемлекеттермен салыстырғанда 80%-ға жоғары. Екі ел арасында 24 халықаралық келіссөзге қол қойылып, 15 ірі жобаның келісім-шарты қаралу үстінде. 2016 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Польша Республикасына барған ресми сапарында құны 845 млн. долларды құрайтын 12 жоба қарастырылған. Экономика саласындағы бұл жобалар екі елде іске асырылуда деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ресми сапар нәтижесінде Польша Республикасы Қазақстанға 207 млн. доллар инвестиция салды. Экономикалық деклорацияға қол қойылып, ауылшаруашылығы саласы бойынша үкіметаралық келісім жасалды. Польша-Қазақстан бизнес форумы ұйымдастырылып, оған қазақстандық 400-ден астам компания қатысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің «Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастығына» арналған баспасөз конференциясында айтылды. Польшаның Қазақстандағы Елшілігінің өкілі Т.Запальскийдің қатысуымен өткен баспасөз-жиында ЭКСПО-2017 көрмесіне Польшаның Президенті Анджей Дуданың сапары жоспарланғаны белгілі болды. 6-7 қыркүйекте Польшаның Ұлттық күні және Қазақстан-Польша бизнес-форумы жоспарланған.
– Бұл Қазақстан-Польша кәсіпкерлерінің екінші форумы. Форумды ұйымдастыру жаңа экономикалық ынтымақтастықтың бағыттарын талқылауға, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» Жібек жолы жобаларын дамыту жағдайы, сондай-ақ, іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту, экономикалық өзара әрекеттестіктің деңгейін ұлғайту және Қазақстан Республикасына поляк инвестицияларын ұлғайтуға тамаша мүмкіндік береді деді, – Т.Запальский.
Өткен жылы Варшавада өткен форумға 140-тан астам компания қатысқан. Сонымен қатар баспасөз-конференцияға қатысқан ЭКСПО-2017 көрмесі Польша бөлімінің бас комиссары А.Стэфаньский, тараптар арасында ЭКСПО көрмесін өткізу бойынша болашақта кеңестер ұйымдастыратынын атап өтті.
Пікір қалдыру