Денсаулықтың кепілі – спорт

/uploads/thumbnail/20170824182544604_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы  «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасында  салауатты өмір сүрудің салтын қалыптастыру үшін  дене тәрбиесімен айналысып, есірткі, темекі мен алкагольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтаудың маңыздылығын  айтқан болатын. Осы орайда елімізде енгізілген «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында  2020 жылға қарай Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа дейін ұлғайту мәселесі қойылған еді. Ал салауатты өмір сүрудің бірден-бір жолы – спортпен шұғылдану екені баршаға мәлім. Қала басшысы Мұрат Мұқаевтың мәліметінше, облыста тұратын 630 мыңнан астам тұрғынның 170 мыңы спортпен шұғылданады. Тұрғындардың денсаулығын нығайту мақсатында өңірде 1545 спорт нысаны, яғни үш стадион, бір спорт сарайы, 11 спорт кешені, бір спорттық манеж, алты шаңғы және екі есу базасы, 101 ату тирі, 965 жазық ғимарат, 20 теннис корты, бес жүзу бассейні, үш хоккей корты және 276 спорт залы мен 151 жапсарлас спорт залы жұмыс жасауда. Сонымен қоса жергілікті тұрғындарды спортқа тарту мақсатында бұқаралық спорттан, көпшілік жүгіруден жарыстар жиі ұйымдастырылып келеді. Жуырда ғана өңірде спорт күні тойланып, көпшілік жүгіруге қатысқан тұрғындар Жеңіс алаңынан Абай алаңына дейін жүгіріп өтіп, кейбіреуі марапатталды. Жалпы дүниежүзілік денсаулық сақтау мамандары денсаулыққа әсер ететін факторлардын 50-60%-ы өмір сүру деңгейіне, 20%-ы тұқым қулаушылыққа, 20%-ы  сыртқы ортаның жағдайына, 8-10%-ы дәрігерлік көмектің денгейіне байланысты екенін айта келіп, денсаулық үшін  күрес салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шаралардан бастау алатындығын дәлелдейді. Сонымен қоса тұрғындарға медициналық көмек берудің қолжетімділігі де маңызды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы  баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы алты емханаға және «Деркөл» ДА-ға электронды кезек жүйесі енгізілген. Ол медициналық ұйым ішінде медициналық қызметтерді алуға пациенттердің жолдануын реттейді. Электронды кезек пациенттерге қызмет көрсетулер процесін жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Медициналық қызметтер сапасын қамтамасыз ету үшін барлық медициналық ұйымдарда пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметтері құрылған.

 

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар