АҚШ-тың елшіліктегі 16 қызметкері Кубадағы келеңсіз жағдайдан зардап шекті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Хезер Науэрт хабарлады.
АҚШ-тың Мемлекеттік департаментіндегілер америкалық қызметкерлер Гаванада «акустикалық шабуылға» ұшыраған деп ойлап отыр.
«Мен нақты кімнің бұл іске қатысы бар екенін біілмеймін. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Біз қатысы бар адамдарды тауып, жазаламақпыз» деп мәлімдеді Науэрт.