Алматыда Open Almaty жобасы аясында кәсіпкерлерге арналған ХҚКО ашылады

/uploads/thumbnail/20170825130349723_small.jpg

Алматыда Open Almaty жобасы аясында кәсіпкерлерге арналған ХҚКО ашылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан бизнес семинар барысында аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов айтты.

Жиын барысында мамандар отандық экспорт көлемін ұлғайту мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып экспортты жандандыру мәселелерін талқылады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі болашақта алматылық кәсіпкерлерді қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын айтты.

«10 күннен соң қыркүйек айында әкімдіктің қолдауымен Open Almaty аясында қоғамдық қабылдау, call-орталық ашылады. Бірінші кезек Алматы Тауэрс ғимаратында ашылады. Әкімдіктің қоғамдық қабылдауында кәсіпкерлердің кез-келген сауалына жауап беріліп, белгілі бір спектрдегі қызмет көрсетілетін болады. Екінші кезек 1 қаңтардан бастап іске қосылады. Мұнда да барлық мемлекеттік органдар, монополистер кәсіпкерлерге қызмет көрсететін болады. Яғни, Алматыда кәсіпкерлерге арналған ХҚКО ашылады деп айтуға толық қақымыз бар», - деді Ю.Тілеумұратов.

Сондай-ақ кәсіпкерлерге Алатау ауданындағы арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктері айтылды. Аймақта орналасатын кәсіпкерлер үшін түпкілікті шығындар азайтылатын болады. Жер учаскесінің 1 шаршы метрін жалға алу құны 42 теңге болмақ. Бүгінде аймақта 275,6 га жер көлемінің 200 га аймағында түрлі өндірістер ашылған.

Аймақтық кәсіпкерлер палатасы басшысының айтуынша, қазіргі таңда ШОБ субьектілерін орналастыруға арналған шағын индустриалдық аймақтардың мәселесі қарастырылып жатыр.

«Бұл барлық қажетті инфрақұрылымдармен қамтылған жеңілдікпен берілген орындар болады. Кәсіпкерлер құрал-жабдықтарын әкеп бірден жұмысқа кірісіп кете алады. Олардың арасында жеңіл өнеркәсіп, тағам өнеркәсібі, жиһаз өндірісі бар», - деді Юрий Тілеумұратов.

Айта кету керек, Алматы аймағы өңірлер арасында сыртқы сауда көлемі бойынша - 2 орында (19,5 %), экспорт бойынша - 6 орында (7,3%), өңделген экспорт бойынша - 3 орында (12,4 %) тұр.

Өткен жылы «Kazakh Invest» мәліметі бойынша Алматыдағы экспорт 2,7 млрд долларға жетті.

Оpen Almaty Алматы әкімдігінің бастамасымен құрылған ақпараттық портал. Аталған дерек қорынан кез-келген алматылық өзіне қажетті ақпаратты алады.

OPEN ALMATY ДЕГЕН НЕ?

Бұл - қала тұрғындарының өмірінде болып жатқан жағдайларды оңтайлы шешуге көмектесіп, жергілікті және мемлекеттік атқарушы билік мекемелерінің ашықтығын, есеп беру міндеттілігін қамтасыз ететін Алматы қаласы әкімдігінің бірыңғай жобасы.

БҰЛ ЖОБА ҚАШАН БАСТАЛДЫ?

Қала тұрғындардың өмірлік жағдайларында болып жатқан әр-түрлі мәселелерді оңтайлы шешу үшін 2017 жылдың 10 мамырында ең қажетті ақпаратты қамтитын OpenAlmaty порталы өз жұмысын бастады.

ПОРТАЛДА КЕЛЕСІ ӨТЕ ПАЙДАЛЫ ЖӘНЕ ЕҢ ҚАЖЕТТІ АҚПАРАТТЫ ТАБУҒА БОЛАДЫ:

Қала анықтамалығы:

  • жергілікті атқарушы мекемелер;

  • медициналық, білім беру және діни ұйымдар;

  • телефон қызметтері;

  • үкіметтік емес ұйымдар;

  • халыққа қызмет көрсету орталықтары;

  • ПИК (КСК);

  • жолаушылар көлігі (автопарктер және бағыттар).

Карталар

  • микроаудандар;

  • қайталама шикізаттарды қабылдау орындары;

  • жылыту желілерді, аулаларды, жолдарды, парктерді және саябақтарды жөндеу жұмыстарының жоспарлары, аялдамаларды орнату жоспары

Бос жұмыс орындар мен түйіндемелер қоры 
Қолданушылардың сұрақтарына жауаптар

ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙЛАР ДЕП НЕНІ ТҮСІНЕМІЗ?

Өмірлік жағдайлар дегеніміз – бізбен күнделікті болып жататын оқиғалар. Мысалы: балаңызды басқа мектепке ауыстыру керек болса, біз оны ҚАЛАЙ жасауды айтамыз. Әлеуметтік тұрғын үйді алғыңыз келсе, біз оны ҚАЛАЙ жасауға болатынын айтамыз. Жеке бизнесті ашқыңыз келсе, біз оны ҚАЛАЙ жасауды айтып береміз. Егер сіздің мәселеңіз шешілмесе немесе қандай да бір шағымдарыңыз болса, порталда өтінішті қалдыруға болады. Осы өтінішке біз міндетті түрде толық жауап беріп, тиісті мекемелерге арыз хатты жеткіземіз.

Қатысты Мақалалар