Астананың бірқатар көшелері ШЫҰ марафонын өткізу кезінде жабылады

/uploads/thumbnail/20170815173857969_small.jpg

Астананың бірқатар көшелері ШЫҰ марафонын өткізу кезінде жабылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйеніп. 27 тамыз сағат 07.30-дан 13.30-ға дейін Астанада ШЫҰ жеңілатлетикалық марафоны өтеді. Спорттық шараның бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрады:

–  символ ретінде 2017 метр, ол өз кезегінде EXPO RUN деп аталады;

–  жүгіруді жақсы көретіндер үшін -10 шақырым;

–  42 шақырым 195 метрлік марафон қашықтығы.

Марафонның бағыты елорданың уақытша жабылатын негізгі көшелері бойынша өтеді: Қабанбай батыр даңғылы - Ұлы дала көшесі - Мәңгілік Ел даңғылы - Сығанақ көшесі - Сарыкөл көшесі - А.Байтұрсынов көшесі- Р.Қошқарбаев даңғылы - М.Жұмабаев көшесі - Б.Момышұлы даңғылы - Абылайхан даңғылы - М.Жұмабаев даңғылы - Қошқарбаев көшесі - Тәуелсіздік даңғылы - Сарайшық көшесі - Қонаев көшесі - Достық көшесі - Мәңгілік Ел даңғылы - Ұлы Дала көшесі - Қабанбай батыр даңғылы - ақтық мәре.

Қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.

Сондай-ақ тұрғындарды көлік жүргізушілер арасында осы ақпаратты таратуды сұрайды.

Марафонға келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: http://www.scomarathon2017.com

Қатысты Мақалалар