Ирактан 14 қазақстандықтың көшірілетіні хабарланды

/uploads/thumbnail/20170825131152348_small.jpg

Ирактан Қазақстанның 14 азаматы эвакуацияланады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

«Біз Ирактан әскери қимылдарға байланысты Қазақстанның 14 азаматының эвакуацияланатыны жайында ақпарат алдық. Олардың бірі ер адам, үшеуі әйел және оның балалары. Қазіргі уақытта олар Иракта, эвакуацияға дайындық үстінде», –  деді Әнуар Жайнақов.

Сондай-ақ, Жайнақов бұл іспен Иорданиядағы Қазақстан дипломаттарының айналысып жатқанын мәлімдеді.

Қатысты Мақалалар