КХДР сенбі күні таңертең жақын қашықтықтағы зымыран ұшырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп. Бұл АҚШ пен КХДР арасындағы сөз қақтығыстарынан кейінгі ұшырылған алғашқы зымыран.
Мәліметтерге сүйенсек, Конвондо провинциясынан Жапон теңізіне 3 зымыран ұшырылған. Оңтүстік Корея әскерилері зымарандардың 250 шақырым қашықтыққа ұшқанын айтқан. Ал американдық әскерилердің мәліметінше, КХДР-дың баллистикалық зымырандары сәтсіз іске қосылған.
Алдыңғы аптада екі держава лидерлері келісімге келгендей болған. Ким Чен Ын АҚШ-тың әрекеттерін бақылайтынын жеткізген. Алайда дүйсенбі күні АҚШ Оңтүстік Кореямен бірлесіп 10 күндік "Ulchi — Freedom Guardian" жаттығуларын бастап кеткен. Ал КХДР өз кезегінде бұл жаттығуларды әскери қақтығысқа дайындық ретінде есептейді.