АҚШ-қа жақындаған «Харви» дауылы соңғы 12 жыл ішіндегі ең үлкен дауыл болуы мүмкін. «Харви» дауылы АҚШ-тың шығыс жағажайына жетіп, «төртінші» дәрежеге дейін күшейтілді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
«Харви» дауылы соңғы 12 жылдағы ең күшті дауыл деп мойындалды. Reuters-тың мәлімдеуінше, дауыл Техас штатына келіп соғады. Associated Press мәліметтеріне қарағанда, дауыл Техас штатының Корпус-Кристи қаласына жақындап келеді. «Харвидің» жылдамдығы сағатына 178-208 шақырымға дейін жетеді.
Сонымен қатар АҚШ-та дауылды бақылаумен айналысатын ұлттық орталық дауылдың кесірінен болатын су тасқыны жайында ескертті. Қазіргі кезде штаттың жағажай аудандарынан 10 мындай адам қауіпсіз жерге көшірілді.