Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

/uploads/thumbnail/20170825081215142_small.jpg

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.

Ауқымды антициклон республиканың басым бөлігіне әлі де ықпал етеді, осының әсерінен аз бұлтты және ыстық ауа райы сақталады. Тек батыста атмосфералық фронттың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ түсуі мүмкін.

Күндіз термометр бағанасы 28-38 градусқа дейін көтеріледі, ал шығыс, батыс және оңтүстік-шығыста күн 25-33 градусқа дейін ысиды.

Астанада демалыс күндері жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +31+33°С болады.

28 тамызда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз ауа ауа температурасы +30+32°С болады.

Қатысты Мақалалар