АҚШ-тың әскери әуе күшінің тікұшағы Йемен жағалауында құлаған деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасап Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың Black Hawk тікұшағы Йеменнің оңтүстік жағалауынан 36 шақырым жерде 25 тамыз күні сағат 7-лер шамасында құлаған.
Американдық құтқарушылар ұшақ бортындағы 5 әскери қызметкерлерді құтқырып алған. Тағы бір әскер қызметкерді іздестіру шаралары жүргізілуде.
АҚШ әскери әуе күштері соңғы жылдары Йеменде «Аль-Каида» террористік тобына қарсы операциялар жүргізуде.