Үндістанның Пулвама қаласынадағы полиция бөлімшесіне шабуыл кезінде 1 полицей мерт болып, тағы алтауы жарақаттанды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі NDTV мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Шабуылдағандардың шамамен 3 адам болғаны және олардың қаруланғандары айтылды. Бөлімшеде жүздеген Джамму мен Кашмир штаттарының полиция қызмткерлеріі болған. Қаскөйлер ғимараттың ішіне кіргеннен кейін атысты бастап, жарылғыш заттарды лақтыра бастаған. Қазіргі кезде полицейлерді қауіпсіз жерге көшірту жұмыстары жүргізіліп жатыр.