Брюссельде әскерилерге шабуыл жасалды

/uploads/thumbnail/20170826114927610_small.jpg

Бельгия астанасы Брюссельдің орталығында белгісіз ер адам әскерилерге пышақ ала жүгіріп, екі адамды жарақаттады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме беріп.

Лаңкес алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Полиция әрекетті теракт деп бағалады. Алдын-ала тергеуден соң лаңкестің Брюгге қаласында тұратын 30 жастағы Сомали тумасы екені анықталды. Алайда құзыретті орган өкілдері бұл адамның бұрын-соңды ешқандай заңға қайшы әрекеті байқалмағанын айтады. Оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған Бельгия Премьер-министрі Шарль Мишель әскерилердің әрекетін қолдайтынын жеткізді.


Қатысты Мақалалар