Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.
Астана қаласы мен Ақмола облысында дауыл болуы мүмкіндігі туралы хабар таратты. Синоптиктердің мәліметтері бойынша, 5-7 қыркүйек аралығында Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысуы ықтимал.
Астанада 6-7 қыркүйек күні тәулік бойы найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
5-ші қыркүйекте тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел күтіледі. Таңертең кей жерлерінде бұршақ күтіледі.
Пікір қалдыру