Ирма дауылы: Кубадан 700 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді (видео)

/uploads/thumbnail/20170908183314005_small.jpg

Ирма дауылынан зардап шегуі мүмкін Кубаның шығыс аудандарынан 700 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі  korrespondent.net.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, адамдарды туыстары мен 45 эвакуациялық орталықтарға және 39 арнайы орындарға орналастыруда. Осы кезде Кубаның кейбір аудандарында нөсер жаңбыр жауып тұр және соның салдарынан жағалауға жақын аймақтарды су басуда. Жаңбырмен қатар аймақта қуатты жел соғуда. Осыған дейін Ирма дауылының жақындағандығын байқатқан тропикалық жел Кубаның шығысындағы Гуантанамо, Ольгин және Лас-Тунас провинцияларына соқты.

Кубаның азаматтық қорғаныс қызметінің бас штабы Гуантанамо, Сантьяго-де-Куба, Гранма, Лас-Тунас, Камагуэй, Сьего-де-Авила және Вилья-Клара сияқты елдің орталық және шығыс провинцияларында дабыл режимін енгізді. Бұл режим талаптары бойынша, қауіпті аймақтардан адамдарды көшіріп, көлік қозғалысына шектеу қойылып, қауіпсіздік үшін электр желілері істен шығарылады. Кубаның батыс бөлігінде орналасқан Санкти-Спиритус, Сьенфуэгос және Матансас сияқты провинцияларында табиғат апаты бойынша «ақпараттандыру деңгейі» енгізілді. Ол бойынша апат төне қалған жағдайда бой тасалайтын орындар қарастырылып, көшелер тазаланып, азық-түлік пен жанармай қоры дайындалады.

Қатысты Мақалалар